Қазалыда аяқ су мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

1258

0

Аудан орталығындағы  Әйтеке би кентінде ауыз су тапшылығы байқалуда. Бүгінде бұл мәселе аудан әкімдігінің назарына алынып, кенттегі ауыз судың жеткізу көлемін ұлғайту жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс жолданды.

Қазіргі таңда тұрғындарды ауыз сумен «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесі қамтамасыз етіп отыр.

Аудан орталығында бұл мекеменің теңгерімінде көлемі 21 мың текше метр болатын 3 резервуар бар. Ендігі жерде тұрғындардың ауыз суды бау-бақша дақылдарын суару үшін пайдалануын азайту мақсатында кенттегі ішкі каналдар тазартылып, аяқ су мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<