Қазақстан Таиландпен визалық режимді жою туралы келісімді мақұлдады

135

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан үкіметі Қазақстан мен Таиланд арасындағы визалық режимді жою туралы келісімді мақұлдады. Бұл келісімге қол қою міндеті сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге жүктелді, деп хабарлайды «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы қаулы шығарды. «Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының үкіметі мен Таиланд Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін», – делінген қаулыда.

Келісім бойынша, бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады. Қазақстанмен визасыз режим бар елдердің толық тізімі «Электронды үкімет» ресми сайтында жарияланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<