Қазақстанда қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр?

622

0

Биыл Қазақстанда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарды үймен қамтамасыз ету, оның ішінде жалға алған пәтер ақысының бір бөлігін өтеп беру механизмі жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Аталған жоба табысы жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен және тұрғын-үй кезегінде тұрған жандарға арналған. Биыл күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды. Ал кезекте тұрғандар саны – 185 адам. Жыл сайын шамамен 18 мың адам кезекке қосылып отырады. Бұл санатта көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек бала бағып отырған отбасылар және басқа да әлеуметтік осал топтағылар бар.

Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға берілетін тұрғын үйді жекеменшік құрылыс компаниялар салады. Олар пәтерлердің тең жартысын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына табыстауы тиіс. Оператор пәтерлерді «Отбасы банкінде» кезекте тұрғандарға береді. Қалған пәтерлер нарыққа шығарылады.

Мұндай тұрғын үйді жалға алу сомасы әлі анықталмады, алайда субсидия лимиті белгіленді.

1 шаршы метр үшін:

  • Алматы қаласында – 0,55 АЕК-ке дейін (1 604 теңге);
  • Алматының шет жағында – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
  • Нұр-Сұлтан мен оның шет жағында – 0,5 АЕК-ке дейін (1 459 теңге);
  • Шымкентте – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
  • Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстарында – 0,4 АЕК-ке дейін (1 167 теңге);
  • Басқа өңірлерде – 0,35 АЕК-ке дейін (1 021 теңге).

Мысалы, Алматы қаласында аумағы 60 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерді жалға алу үшін 96 240 теңге көмек ретінде беріледі. Қалғанын жалға алушы өз қалтасынан төлейді.

Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегінде 562 мың адам тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<