Қоғамға қайта бейімделді

536

0

Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінен жазасын толық өтеп шыққан, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған 236 адам есепке алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді, оның 17-сі әйелдер.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың мекен жайларында олардың туған- туысқандарымен кездесулер өткізіп, 4 адамға зерттеу актісі жасалды.

Жыл басынан бері түзеу мекемелерінен босап шығатын және босатылған 115 азаматқа хабарлама хаттар келіп түсті.  Осы хабарламалар бойынша 74 азамат босап шыққан болса, босамағандар – 41. Осы азаматтардың үйлеріне барып, жан-жақты зерттеу жүргізіліп, әлеуметтік жағдайлары зерделеніп, туған-туысқандарынан жазбаша түсініктемелер алынды.

Пробация қызметінің есебінде тұратын 236 азаматқа құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді, оның 196-сы пробация қызметінің есебінде тұрса, 40-ы жазасын толық өтеген азамат. Жалпы жұмыспен қамтылғаны – 59 адам, 40-ы квота бойынша жастар практикасымен – 2, ақылы қоғамдық жұмыспен – 5, әлеуметтік жұмыспен қамтылғаны – 1, 16-29 жасқа дейін тұрақты жұмысқа орналасқаны 3 адам.

Жыл басынан бері орталыққа келіп, өздерінің кәсіптерін ашу мақсатында таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін 70 азамат тіркелді. Оның «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 20-сы оқуға жолдама алып, оқып жатыр. Ал қысқа мерзімді курсқа 3 азамат жолдама алып, 1 азамат тігінші, қалған 2 азаматтың оқуы енді басталуына байланысты ветеринар мамандығы бойынша тіркелді.      

Жыл басынан «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа» орналастырылғандар – 8, барлығы жазасын толық өтеген. Осы азаматтардың ішінен 2-уі қала әкімдігінің квотасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасып, 1-уі ақылы қоғамдық жұмысқа қосылды, 1 азамат басқа қалаға қоныс аударды.

«Жұмыспен қамту орталығы» арқылы атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуға 46 азаматқа, жер телімін алуға 2 азаматқа, 1 азаматқа пәтерге тіркеуге, 1 азаматшаға баласын тегін балабақшаға орналастыруға, құжаттарын қайта рәсімдеуге, жеке басын куәландыратын төлқұжатын қайта қалпына келтіру бойынша, тұрғылықты мекен-жайға (прописка) тіркелуге, автокөлігін есептен шығаруға 20 адамға және жағдайы төмен 2 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 3 азамат инновациялық жобаға өз жобаларын дайындап, құжаттарын өткізді.

Орынбасар Мақсұтұлы,

 орталық директорының орынбасары 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<