Қоймада көмір қоры жеткілікті

306

0

🔹Жалағаш ауданы тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Асқарбек Есжанов бірқатар қоймаларды аралады.

🔹Қазіргі таңда аудан орталығындағы ЖК «Әжібековтің» көмір қоймасына 10 вагон, яғни 700 тонна шұбаркөл және 2 вагон, яғни 140 тонна қаражыра қатты отыны жеткізілді. Одан бөлек автокөлікпен 920 тонна шұбаркөл көмірі жеткізілді. Бүгінгі күнге ЖК «Әжібековтің» көмір қоймасына 870 тонна көмір қоры бар. Шұбаркөл көмірінің тоннасы 22 000 теңгеден, қаражыра көмірінің тоннасы 21 000 теңгеден сатылуда.

🔹Сондай-ақ, ЖК «Қырмызы» көмір қоймасына 18 камаз , яғни 710 тонна шұбаркөл көмірі жеткізілді. Бүгінгі күнге ЖК «Қырмызы» көмір қоймасында 310 тонна көмір қоры бар. Көмірдің тоннасы 22 500 теңгеден сатылуда.

🔹Алдағы уақытта да тұрақты түрде қатты отын қоймаларға жеткізіліп тұратын болады. Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі аудан басшысының бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<