Құқық құрығы

288

0

Ірі мөлшерде есірткі еккен

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қызылордалық полицейлер 4116 түп сора өсімдігін еккен тұрғынды ұстады.

37 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан 45 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, заң бұзушының жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 2 дана насос, палатка, мотор, 20 метрлік шланга, күрек, кетпен тәркіледі.

4116 түп көлемінде тәркіленген сора өсімдігінің жалпы салмағы 34 келі, ал кептірілген марихуана 696 грамм болып шықты. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Қонақ үйдегі ұрлық

Қонақ үй администраторы ұрлық болғанын байқап, полиция басқармасына хабар берген. Белгісіз біреу кассада тұрған 150 мың теңге мен телефонды ұрлаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол 51 жастағы еш жерде жұмыста жоқ қала тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме алынды.

Үптеп кеткен көрінеді

15 шілде күні қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, бала күтушісі үйін үптеп кеткенін көрсеткен. Азаматшаның айтуынша, бала күтушісі үйінен алтын бұйымдар, оның ішінде сақина, алқа кулонымен және шаш кептіретін фен, киім-кешектерін ұрлаған.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттері нәтижесінде 24 жастағы күдікті азаматша ұсталып, басқармаға жеткізілді.

Қос азаматтық анықталды

ҚР Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті мекемеге хабарлау қажет. 

Дегенмен, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады. Одан жеке куәлігі мен паспорты алынып, азаматтығынан айыру тіркелді. Тәртіп бұзушыға айыппұл салынды.

Дайындаған:

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<