Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

1181

0

Оның ұлықтау рәсімі Қырғыз мемлекеттік телеарнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Садыр Жапаров ант мәтінін оқыды, содан кейін оған Қырғыз мемлекеттік филармониясының залында эталон, сертификат және президенттің төсбелгісі табысталды. 

Салтанатты рәсімге экс-мемлекет басшылары Сооронбай Жээнбеков пен Роза Отунбаева, парламенттің бұрынғы спикерлері, 2021 жылғы сайлауға қатысқан президенттікке үміткер болғандар, парламент депутаттары, министрліктердің басшылары, республикада аккредиттелген дипломаттар және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засев қатысуда. 

Бұл жолы қырғыз билігі шет мемлекеттердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ұлықтауға шақырудан бас тартты.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<