Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы артқан

2809

0

Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.
2023 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9084,3 мың АҚШ долларын құрады, немесе 2022 жылғы қаңтарға қарағанда 13,8%- ға көп, оның ішінде экспорт 5542,1 мың АҚШ доллар (12,7%- ға көп), импорт – 3542,1 мың АҚШ доллар (15,5%- ға көп).
Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 96,7%, Қырғызстан Республикасына – 2,9%, Беларусь Республикасына – 0,4% келеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<