Қызылордалық журналистер – республикалық дода үздігі

414

0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауында сырбойылық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үш бірдей жүлдеге ие болды.

«Кызылординские вести» газетінің тілшісі Әлібек Байшүленов жеңімпаз атанса, «Qyzylorda» телеарнасының редакторы Толқын Қабылша мен өңірдің бас газеті «Сыр бойы» ұжымы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Білім беру тақырыбындағы материалдарды республикалық және өңірлік БАҚ-тың 110-нан астам тілшісі, сондай-ақ фрилансерлер ұсынды. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі жанрдағы 500-ден астам материал келіп түсті.

Телеарналар, газеттер, интернет-порталдар, радиокомпаниялар еліміздің медиа кеңістігінің сан алуандығын аңғартады: «Хабар 24», «КТК», «Qazaqstan», «31 арна», «Хабар», «Бірінші канал Евразия», «Еgemen Qazaqstan», «Время», «Forbes», «Казахстанская правда», «Караван», «Білімді ел – Образованная страна», «Экспресс K», «Kazinform» және басқа да танымал БАҚ-тар. Көптеген жұмысты ең белгілі редакциялардың журналистері ұсынды. ⠀

Жұмыстарды құрамына Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Аида Балаева; Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров; «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі; «Пресс-служба» журналының бас редакторы, «Пресс-служба года» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы Тимур Асланов (Ресей Федерациясы); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің басшысы Мира Алипинова енген беделді қазылар алқасы сарапқа салды.

«Жаңа жағдайдағы білім беру» қазіргі уақытта өте актуалды тақырып. Масс-медиа өкілдері білім берудегі инновациялар мен жаңа бағыттарды және оқу бағдарламаларының ұтымдылығы мен сараптау, зертиеу және насихаттауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Пандемия кезінде журналистер, дәрігерлер мен полицейлер секілді алғы шебінде болып, халықты дер кезінде шынайы ақпарат жеткізіп отырды. Эпидемиологиялық жағдай оқыту жүйесін қайта қарап, өзгерістер енгізуге сеп болды. Оқушылар мен мұғалімдер аз уақыт ішінде бұрын сомды болмаған жағдайда білім алуға дағдыланды. Өз кезегінде білім беру ұйыдары мен педагогтер инновациялық ізденісті бастады. Бүгінгі жинаған тәжірибе алдағы жаңа сын-қатерлер кезінде лайықты төтеп бере алады. NIS – бұл инновациялық білім бағдарламалары мен ғылыми жобалар сәтті жүзеге асырылатын білім беру саласындағы озық алаң, – дейді байқау жеңімпазы Алибек Байшуленов.

Журналистерге арналған келесі байқау NIS жүйеcінің 15 жылдығына орай 2023 жылға жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз