Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

415

0

Фото: Өрлеу Кызылорда

26 наурыз күні жазушы-драматург, ақын, аудармашы, ғалым-педагог Жүсiпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Заманауи білім беру аясындағы кешенді оқыту: теориясы, практикасы, даму көкжиектері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференция жұмысына 70-тен астам ЖОО, «Өрлеу» филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, пән мұғалімдері мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру педагогтері қатысты.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде үздік деп іріктелген 10 жұмыс тыңдалымға ұсынылды. Тыңдалым барысында қатысушылар Қазақстан тарихы пәнін оқытуда тақырыпқа сәйкес тиімді әдістерді қолдану, Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын заманауи платформалармен оқыту әдістері, білім алушылардың STEM дағдыларын дамытуға бағытталған педагогтерге арналған әдістер мен тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ағылшын тілі сабақтарында жобалық қызметті жүзеге асыратын Web-QUEST технологиясы, мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диалогтік оқытудың тиімді жолдары, адамның жеке құқығы, информатика пәніндегі кейс-технологияны қолдану ерекшеліктері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Конференция қорытындысында педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған педагогикалық проблемаларды шешуді іске асырудың тиімді жолдары ұсынылды.

Конференция жұмысына 180-нен астам материал келіп, саралау қорытындысымен 160 мақала конференция материалдарының жинағына енгізілді. Конференция жұмысына қатысушыларға бірыңғай үлгіде сертификат беріліп, электронды форматта материалдар жинағы таратылды.

Раушан Мәрсәлі,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<