RiceShop – күріш әлемі

750

0

Жаңа жыл қарсаңында Қызылордада  «Абай-Дәулет» серіктестігінің RiceShop KZ дүкені ашылды. Мұнда күріштің жергілікті сорттары, әлемдік күріш өндіруші компаниялардың өнімдері сатылады.

Күріш – Сыр өңірінің басты бренді болғанымен, бұған дейін оны сататын арнайы дүкен жоқ еді. Енді күріш егіп, оны ақтаумен айналысатын барлық шаруашылыққа өз өнімдерін халыққа ұсынуына мүмкіндік туды.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған қала әкімі Асылбек Шәменов:

– Дала академигі атанған Ыбырай Жақаев еңбектің туын тіккен Сыр еліндегі ақжолтай жаңалық, белгілі кәсіпкер Мұрат Абайұлының өз қаражаты есебінен жүзеге асқан өміршең жоба – RiсeShop Kz дүкені  қызылордалықтардың жиі келетін орнына айналатынына сенемін, – деді.

Бұл дүкенде тұтынушы тауарды қажетінше өзі өлшеп, электронды таразыдан бағасын біледі.

Шараға өзге өңірлерден келген кәсіпкерлер де қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

М.Мерей

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<