Словакия турнирінде жеңімпаз атанды

564

0

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.

Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чехиялықтар Петр Ноза – Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша А.Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді.

Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды.

Өткен жыл Недовесов үшін аса табысты болды, ол жеті рет чемпион атанды. Бұл – оның жеке рекорды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<