Спорт жаңалықтары

966

0

СЕНІМ СЕРГІТЕДІ

Ташкентте ауыр атлетикадан өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды.

Азамат Төлеген, Динара Қыпшақбай, Айсамал Сансызбаева сынды мықты спортшылар мен жаттықтырушылары Альберт Хакимулинді облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Жаманқұл қабылдап, Сыр еліне сыйлаған қуаныштары үшін алғыс білдірді.

«Сіздерге алдағы уақытта да үлкен  үміт артамыз. Әлемдік додаларды бағындыратындарыңызға сеніміміз зор. Бұл ретте қолдау жасалатын болады» деді А.Жаманқұл.

ТАРАЗДА ТОП ЖАРДЫ

ХІ жазғы Қазақстан оқушылары гимназиадасының бағдарламасы бойынша Тараз қаласында тоғызқұмалақтан өткен республикалық жарыста Қызылорда облысының құрама командасы жеңімпаз атанды.

Команда жетекшілері Біржан Елеусінов пен Мұхтар Әлжаппаровтың еңбегі зор. Жекелей есепте Жантөре Аманқос, Ырыскелді Кенжебек, Самат Қалдыбек, Нұрай Мектепхан, Айым Ақылбек және Әсем Дәуренбекқызы жүлделі орындардан көрінді.

Ерлер үшінші орын алды

Талдықорған қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы IV жазғы ауыл ойындарында үстел теннисінен (ерлер арасында) Қызылорда құрамасы ІІІ орын алды.

Команда  құрамында Бақдаулет Асылбекұлы, Тимур Сайлаубаев және Нұрсат Бұлдырықов бар. Олардың жаттықтырушылары: Ернар Ибрай, Гулсара Искакова.

ЖҰПТЫҚ ОЙЫНДАҒЫ ОЛЖА

25-30 шілде аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында теннистен ITFJ3 Tashkent Халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Ресей, Тайпей, Иордания, Сингапур, Италия, Корея, Түркия, Қытай, Израиль мемлекеттерінен спортшылар қатысты. Осы айтулы бәсекеде қызылордалық Ерасыл Ерділда жұптық ойында жеңімпаз атанды. Ол ресейлік Артем Алексейчук екеуі жұптасып финалда кореялық Ву Хюн Чанг пен үндістандық Юван Нандаланы 4:6,6:4,10:6 есебімен 3 сетта ұтып, жарыс жеңімпаздары атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<