Табиғат пайдаланушылар назарына!

2193

0

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабына сәйкес өз құзіреті шегінде табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға үшін рұқсат береді.     

Қоршаған ортаға эмиссиялар – ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналасатыру, зиянды физикалық әсер ету болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 69-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті.

Сонымен қатар, кодекстің 72-бабына сәйкес табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.

II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

рұқсат алуға өтiнiмдi;

эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;

қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

рұқсат алуға өтінімді;

қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

Қоршаған ортаға эмиссия қорытындыларын беру электронды портал арқылы көрсетілді.

Осыған орай, кодекстің 74-бабына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мерзімі ІІ санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап  он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ІІІ санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ІV  санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Сонымен қоса, қоршаған ортаға эмиссияларға үшін рұқсат беру бойынша сұрақтарыңызға 8(7242) 60-53-69 байланыс телефоны арқылы жауап алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<