«Тalqylau» тақырыбы – Жолдау

643

0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен   «TALQILAU» диалог алаңында ашық пікірталас өтті. Онда Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған өзекті мәселелер сөз болды.

Басқосуға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова,  облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, партия филиалы жанындағы «Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту» бағытындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Сәрсенкүл Биқожа спикер ретінде қатысты. Олар экономикалық даму мен саяси реформаларды талқыға салды.

–  Жолдауда Президент  жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамдарға тоқталды. Елімізді одан әрі дамыту үшін негізгі 5 бағытты атап өтті.  Сонымен қатар экономикалық-әлеуметтік дамудың тетіктері мен жасалатын нақты істерді баяндады. Жаңа Қазақстанды құру мен жаңғырту жолында партияға да айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеледі. Бұған дейін де маңызды жобалар жүзеге асырып,  елмен бірге қиындықтарды еңсердік. Көшбасшы партия ретінде барлық саланың мәселесін елеусіз қалдырмадық. Партия әрі қарай да Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және оларды іске асыруға белсенді қатысады, – деді Л.төрешова.

Басқосуға қатысқан түрлі сала мамандары да ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.

Айта кету керек, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<