Тазалық акциясы ұйымдастырылды

417

0

USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі облыс әкімдігі және Су ресурстары комитетінің Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен бірлесіп, су ресурсын басқарудағы трансшекаралық ынтымақтастықты жақсарту үшін Сырдария өзені күніне арналған экологиялық акция ұйымдастырды.

Экологиялық іс-шараға Арал-Сырдария және Өгем-Келес кіші бассейндік кеңесінің мүшелері, халықаралық экологиялық ұйымдар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен оған қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.

Тазалық акциясы Сыр Ана мемориалынан бастап Қорқыт ата мемориалына дейінгі аралықта жүргізілді. «Сырдария – достық өзені» тақырыбында өткен экологиялық шара өңірдің су және климаттық проблемаларын шешуге және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара жұмыс істеуге ықпал етеді.

– Қасиетті Сыр елінде, Сырдария өзенінің жағасында бірінші рет Сырдария өзенінің күні аталып өтіп жатыр. Бұл –біздің көптен күткен мерекеміз. Өйткені, әлемде су тапшылығы қалыптасқан жағдайда әр тамшы судың сұрауы бар. Сондықтан да бұл күнді атап өту бұл осы ортақ суды пайдаланып отырған Орта Азия елдерінің жағдайын білуге септігін тигізеді. Атаулы күннің маңызы – адамдарды суды қадірлеп, үнемді пайдалануға шақыру, – деді Айткүл Шалғынбаева.

Аймақтық жобаның мақсаты – қоғам өкілдерін қоршаған ортаны қорғауға, аялауға шақыра отырып игілікті істерді баршаға үлгі ету.

Сырдария аймақтағы су деңгейінің 90%-ын құрайды. Бұл Орталық Азия халқының 80%-ның өмір сүру көзі және Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстанның едәуір бөлігін қоса алғанда аумақтың 37%-ын алып жатыр.

Таяуда аталған мемлекеттерде өзен күнін өткізу үшін бірқатар іс-шаралар өтеді. Одан кейін тиімді шешім қабылдап, қолайлы орта құру үшін Қызылорда қаласында өңірлік қорытынды жиын ұйымдастырылады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<