Тест жүйесінде ауытқулар орын алған жоқ

765

0

Қоғамда түрлі пікір бар. Алайда, нақты жағдайға жүгінудің артықшылығын екінің бірі біледі. Ұлттық сараптама орталығы Қы­зылорда облысы бойынша филиалының вирусология зерт­ханасы  коронавирус індетін анық­тауда ауқымды жұмыстар атқаруда. Биылғы наурыз айынан бастап «COVID-19» вирусына күдіктілер, қарым-қатынаста бол­ғандар, ЖРВИ, пневмониямен ауыратындар, жоспарлы түрде ауру­ханаға жатқызылатындар,  індет жұқтыру қаупі бар медицина қыз­меткерлері мемлекеттік тап­сырыс негізінде ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізуде.

Нақтылап айту керек, корона­вирус жұқпасын анықтауға қажетті барлық  зерттеулер басқа қаладағы зертханаларға жіберілмейді. Бізде, яғни, Ұлттық сараптама орта­лы­ғы облыстық  филиалының виру­сологиялық зертханасы база­сында жүргізіледі.  Облыс бойынша бү­гінгі күнге  272 жағдай нақты­ланып, эпидемиологиялық шара­лар жүргізілді. Эпидмаусым бас­тал­ғалы облыс көлемінде коро­на­ви­рус жұқпасын анықтауда 22900 зерт­ханалық зерттеу жасал­ды.

Зертхана 3 299 зерттеуге жет­кілікті 66 тест жүйесімен қам­тамасыз етілген. Эпидмаусым басталғалы зерттеулер қытайлық BGI компаниясының ПТР әдісі­мен тестілеуге  арналған тест жүйе­сімен жүргізілуде. Зерттеу барысында аталған тест жүйесін қолдануда ешқандай ауытқулар орын алған жоқ. ПТР әдісімен тесті­леу нәтижесі 99,9%-ті құрайды.  

Әлемде пандемия сипатын алған коронавирус індетінің таралуын тоқтату мен аурудың алдын алу үшін тиімді, нәтижелі жұмыстар жүргізу мақсатында білікті мамандардан құрылған 3 бригада тәулік бойы қызмет атқаруда. Күніне 500-600 анализ  қорытындысын, есебін уақытылы дайындау үшін филиалда call-center  ұйымдастырылды. Сall-center жұмысына филиалдың барлық ұжымы жұмылдырылды.   

Нақтыланған жағдайлар, қарым-қатынаста болғандар, күдікті ауру ошақтарында залал­сыздандыру жұмыстары жүр­гізілді. Оны облыс көлемінде тиімді іске асыру мақсатында 14 дезинфекциялық бригада құрылды. Оның төртеуі қала бойынша, қалғаны аудандарда. Әр бригадада 3-4 маманнан қамтылған. Олар жедел хабар алған сәттен бекі­тілген алгоритмге сәйкес 15 минут ішінде ауру ошағына за­лалсыздандыру жұмыстарын жүр­гізуге жетеді. Ауру ошағында зала­л­сыздандыру жұмысы дезин­фекциялық препараттың нұс­қаулығына сәйкес 30-60 минут аралығында жасалады.  Науқастың жеке заттары, ол жанасқан заттар дезинфекциялық препаратпен, төсек орны камералық залал­сыздандырудан өткізіледі. Залал­сыздандыру себу, батыру, сүрту, шашу әдістерімен жасалады. Коронавирус жұқпасынан басқа туберкулез, тері аурулары ошақтары, сонымен қатар, аса қауіпті жұқпалы Қырым қанды геморрагиялық қызбасы, жедел ішек аурулары ошағына қорытынды дезинфекция жасалуда. Ауру ошағындағы қорытынды залал­сыз­дандыру жұмысы науқас оқшауланғаннан кейін және ста­ционарға жатқызылғаннан кейін немесе қайтыс болған жағдайда жасалады.

Жоғарыда аталған қызмет­терден басқа, филиалда бак­терио­логиялық, паразито­логия­лық, санитарлық-химиялық, радио­логиялық, жоғары техно­логиялық зерттеулерді және инструменталды өлшемдерді ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар», ГОСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар», СТ РК ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Құзыреттілікке қойылатын та­лаптар» халықаралық стан­дарт­тарға сай аккредиттелген, Сапа менеджменті жүйесі бойынша сәйкестік сертификаты бар зерт­ханалар қызмет көрсетуде.      

Жүйелі түрде аккредитация аумағын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Облыстық және барлық аудандық бөлімшелер зерт­ханалары халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ак­кре­дитациядан өткен.

Материалдық-техникалық базаны нығайту, автопаркті жаңа ар­найы автокөліктермен толық­тыру, сонымен қатар мамандар біліктілігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жалпы, мамандарымыздың еліміздегі ғылыми орталықтарда, алыс-жақын шетелдерде білі­мін жетілдіру, мемлекеттік тап­сырысты, аймақтық номен­клатураны, Кедендік одақтың Техникалық регламенттер талап­тарын орындау  басты назарда.  Ал қазіргі басты міндет – дүние жүзін жайлаған қауіпті індетті ел болып жұмыла жеңу. Осы бағыттағы қызметіміз жалғаса бермек.

Фарида Қалиева,

ҚР ДСМ ТКҚҚСБК Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы

 бойынша филиал директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<