Топтық ойындарда сайысқа түсті

485

0

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде медиамарафон өтті. БАҚ өкілдері «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясының оқушыларымен бірге топтық ойындарда сайысқа түсті. Командалық тапсырмаларды орындау кезінде достық, ауызбіршілік көтеріңкі  көңіл-күйде  уақытты тиімді өткізді.

Белсенді ойындар әрі қарай салтанатты шарамен жалғасты. Мектеп директоры Бахыт Жұматай бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Әрқашан қоғамдық ахуалдың шебінде жүріп, халықты маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп, NIS жетістігі мен оқушылардың табысты еңбектерін жан-жақты насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін аймақтағы 18 БАҚ өкілі  мектеп директорының Алғыс хатымен  марапатталды. Сонымен қатар  жыл ішінде 20-ға жуық зияткер шәкірттермен сұхбат жүргізіп, кең көлемді материал дайындаған «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадиноваға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының атынан алғыс жарияланды.

Мектеппен үнемі байланыста болып, ақпарат айдынында ынтымақтастық құрған өңірлік коммуникациялар қызметінің  бөлім басшысы Гүлнұр Бүркітбаева, облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Салтанат Шаханова және «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Абзалға да құрмет көрсетіліп, мектеп оқушыларының  қолынан шыққан  арнайы сыйлықтар табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<