«Тұлпар мініп, ту алған!»: Қызылорда облысы бойынша байқаудың қалалық, аудандық кезеңдері аяқталды

326

0

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда облысы бойынша байқаудың қалалық, аудандық кезеңдері өз мәресіне жетті. Байқауды облыстық білім басқармасы, «Qazaq Epos» қоғамдық қоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы және «Дарын» қосымша білім беру орталығымен бірлесе отырып ұйымдастыруда.

Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтуде. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Байқаудың қалалық, аудандық кезеңдеріне облыс бойынша 662 мұғалім дайындаған 713 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болған 24 оқушы облыстық кезеңіне жолдама алды.

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда қаласы мен аудандарда өткен алғашқы кезеңінің жеңімпаздары төмендегідей.

Қызылорда қаласы бойынша:

1 орын – №271 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жаннұр Аман, дайындаған мұғалімі Гайнегул Аймыратова

2 орын – №187 мектептің 8-сынып оқушысы Жансая Төлеп, дайындаған мұғалімі Баян Мұрынбаева

3 орын – №189 мектеп гимназиясының 8-сынып оқушысы Аяулым Мұханбетжан, дайындаған мұғалімі Анар Баймаханова.

Жаңақорған ауданы бойынша:

1 орын – №247 орта мектептің 8-сынып оқушысы Кәусар Есіркеп, дайындаған мұғалімі Қалдықыз Нұртазаева

2 орын – №125 мектептің 9-сынып оқушысы Әсел Ыбырайхан, дайындаған мұғалімі Сымбат Алшынбекова

3 орын – №193 мектептің 9-сынып оқушысы Жансая Сәрсенбайқызы, дайындаған мұғалімі Тұрғанай Дүйсенова.

Шиелі ауданы бойынша:

1 орын – №181 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ақзерек Исмайлова, дайындаған мұғалімі Мөлдір Әбсұлтанова

2 орын – №149 мектептің 9-сынып оқушысы Құралай Исаханова, дайындаған мұғалімі Ләззат Түменбаева

3 орын – №251 мектептің 9-сынып оқушысы Мөлдір Мұзарапова, дайындаған мұғалімі Ұлжан Бименді.

Сырдария ауданы бойынша:

1 орын – №137 орта мектептің 9-сынып оқушысы Жәмила Әбсаттар, дайындаған мұғалімі Асылзат Тұрсынбаева

2 орын – №130 мектептің 8-сынып оқушысы Сағындық Балғабайұлы, дайындаған мұғалімі Роза Қараева

3 орын – №135 мектептің 7-сынып оқушысы Жанбике Асхатқызы, дайындаған мұғалімі Гүлнар Тәжімұратова.

Жалағаш ауданы бойынша:

1 орын – №117 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ақнұр Қоңтай, дайындаған мұғалімі Гүлзат Дабылова

2 орын – №122 мектептің 10-сынып оқушысы Жанерке Серікбай, дайындаған мұғалімі Шұғыла Дүйсебаева

3 орын – №117 мектептің 8-сынып оқушысы Жұмағали Таңсұлу, дайындаған мұғалімі Ақгүл Алмағамбетова.

Арал ауданы бойынша:

1 орын – №263 мектептің 6-сынып оқушысы Көпберген Қарақат, дайындаған мұғалімі Айнагүл Кузенова

2 орын – №73 мектептің 10-сынып оқушысы Қарақат Берікқызы, дайындаған мұғалімі Нұрсұлу Ибраева

3 орын – №82 мектептің 10-сынып оқушысы Нұрислам Жұмадин, дайындаған мұғалімі Айнұр Төлегенова.

Қазалы ауданы бойынша:

1 орын – №170 орта мектептің 10-сынып оқушысы Гаухар Әзен, дайындаған мұғалімі Жадыра Кушекпаева

2 орын – №170 мектептің 6-сынып оқушысы Гүлназ Жеңісбек, дайындаған мұғалімі Балагүл Орынбаева

3 орын – №93 мектептің 8-сынып оқушысы Құндызай Болатбай, дайындаған мұғалімі Ұлпан Тәуекелова.

Қармақшы ауданы бойынша:

1 орын – №274 мектептің 8-сынып оқушысы Жания Болатова, дайындаған мұғалімі Набат Алденова

2 орын – №99 мектептің 10-сынып оқушысы Жолдас Аманжол, дайындаған мұғалімі Лаура Демеуова

3 орын – №109 мектептің 10-сынып оқушысы Нұрлыайым Кәрібаева, дайындаған мұғалімі Валя Сүйеубаева.

Аудандық-қалалық кезеңде І орын еншілегендерге 150 мың, ІІ орын 100 мың, ІІІ орын иегерлеріне 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Айта кетейік, байқаудың облыстық кезеңін 2021 жылдың 10 қарашасында өткізу жоспарланған. Облыстық кезеңде үздік шыққан І орын иегеріне 750 000 теңге, ІІ орынға 350 000, ІІІ орын үшін 200 000 теңге қаржылай сый беріледі. Облыстық деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне де сый қарастырылған: І орынға 1 500 000 теңге, ІІ орын иегеріне 700 000, ІІІ орынды еншілеген қатысушының мұғаліміне 400 000 теңге беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз