Тұрғындар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға белсенділік танытуда

205

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Аудан тұрғындары мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті бастауға және дамытуға белсенділік танытуда.

Нәтижесінде 2023 жылы жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3001-ге жетті. Оның 2857 субъектісі немесе 95,2 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.

Есепті кезеңге кәсіпкерлік саласында қаржы институттары арқылы 4,8 млрд. теңге тартылып, 206 жоба қаржыландырылды. Қолдау шараларының негізінде 207 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы Жалағаш кентінен жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын 120 орындық типтік жобадағы «Жеті-қазына» жеке балабақшасы пайдалануға беріліп, 18 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сауда саласында Жалағаш кентінде құны 200 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлік «Далида», «Мега планета» сауда орталықтары ашылып, 7 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, құны 200,0 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Е.Каиповтың сауда орталығының құрылысы басталып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<