Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

411

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Қ.Ерімбет атындағы саябақта өткен басқосуда Мұхтар Әуесұлы ең әуелі жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтсақ, жарық, жол, тазалық және жайылымдық жерлердің мәселесі көтерілді. Мұнан бөлек, қала шетіндегі арықтарға аяқсу апару қажет екендігін және қоғам белсендісі болып, игі істерге ұйықты болған марқұм Жәнібек Жұбанғановқа марапат алып беруді жеткізді. Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындар тарапынан жеткізілген ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті.

Жиын соңында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған істердің барлығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<