Ұлттық қордан жиналған қаражат қайда жұмсалады

231

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлттық қордан жиналған қаражат екі түрлі мақсатта жұмсалады. Оның бірі – тұрғын үй алуға болса, екіншісі –білім алуға. Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Құттықов аталмыш қаржыдан қалай тұрғын үй алуға болатынын түсіндіріп берді.

– Биыл 18 жасқа толатын 14 мыңға жуық азаматтың есепшотына қордан тиісті қаржы аударылды. Осыған орай азаматтардың тұрғын үй алуы бойынша тиісті міндеттерді атқаратын боламыз. Атап айтқанда, қордан түскен қаржыны ипотекалық несиені рәсімдеу үшін алғашқы жарна ретіндей пайдалануға, ұзақ мерзімді жалға алынған үйлердің ақысын төлеуге және ипотекалық несиені ішінара немесе толық өтеуге бағытталады. Сондай-ақ, отбасы банкте депозиті немесе жинақтау шоты болмаса бірақ, кәмелетке толған азаматтарға қордың қаражаты жұмсалады. Сондай-ақ, биылдан бастап біздің банкте «Ақыл» депозиті ашылады. Бұл депозит Ұлттық қормен тікелей байланысты болмақ. Ұлттық қордан ақшаны шығару тек 18 жасқа толған кезде ғана жүзеге асады. Егер белгілі бір себептермен қордан түскен қаражат жұмсалмаса 10 жылға дейін сақталады. Ал сақталған қаржы сұранысқа ие болмаса бірыңғай зейнетақы қорына аударылады, – деді Шыңғыс Нұрланұлы.

-Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3500-ге жуық азамат өз балаларының мәліметін жөндетті. Ал 487 қызмет түрі Egov порталы арқылы жүзеге асты. Егер жеке мәліметтер мен дерекқорға байланысты мәселелер туындаса арнайы қосымша арқылы өтініш беруге болады. Келіп түскен өтініштер 2-3 жұмыс күнінде қаралады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Қалмұратов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<