«URKER-2023»: Үздіктер анықталды

374

0

Бүгін ASTANA MEDIA WEEK – 2023 аясында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, белді журналистер, медиа сарапшылар, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бас бәйгені алуға 450-ден астам өтінім келіп түскен. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Салтанатты шараны ашқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үміткерлерді құттықтады.
 

«Үш күн бойы «Astana Media Week» шарасы аясында медиа саланың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Шетелдік және отандық үздік сарапшылар қатысқан келелі кездесулер өтті. Осы ауқымды да қарқынды іс-шараның қорытындысы ретінде бүгін «Urker» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттағалы отырмыз. Әр жыл сайынғы «Urker» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға 3 жаңа номинация қосылып отыр. Олар – «Үздік подкаст», «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік YouTube арнасы» аталымдары. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра беретін боламыз», – деп атап өтті министр.

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова – Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова – Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Амангүл Тілейқызы – El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко – Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова – Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:
«Orda FM» – «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ:
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:
«OY-DETOX» – Әйнел Әмірхан

Үздік YouTube каналы:
Абай Сейфоллаұлы – «Abay Live»

ҚАЗАҚ газетінің 110 жылдығына орай арнайы жүлде:
«Ана тілі» газеті

Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER – 2023» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<