Зейнет жасына шығарып салды

747

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханованы зейнеткерлікке шығарып салуға арналған қабылдау өткізді.

Жұпар Хамитқызы, ауданның экономика-қаржы саласының дамуына, бюджет қаражатын дұрыс жоспарлап оны тиімді жұмсалуы бағытында барлық күш-жігерімен еңбек етті.«Сіздің аудан экономикасы мен мемлекеттік саясаттың басты мақсаты болып саналатын халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы қажырлы еңбегіңіздің нәтижесінде, бүгінде, 2023 жылдың қорытындысымен ауданда барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасып, аудандар арасында алдыңғы қатардан көрініп отырмыз. Көп жылғы жемісті қызметіңіздің нәтижесінде лайықты қолтаңба қалдырып, әріптестеріңіз бен аудан халқының шынайы ықыласына бөленіп келесіз»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Жұпар Хамитқызы, еңбек жолын Ақсу совхозында жұмысшы болып бастаған.1986-2005 жылдары Жалағаш аудандық финанс бөлімінде экономист, ревизор-инспектор, бас экономист, бас маман бюджет бөлімінің бастығы;2005-2006 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары;2006-2011 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;2011-2015 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары;2015-2023 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экономика, қаржы саласына қосқан үлесі үшін Жұпар Хамитқызына шынайы алғысын білдіре отырып, ауданның ең жоғары наградасы Жалағаш ауданының Құрмет Грамотасын табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<