Зейнетақыны пайдалану: Медициналық қызметтердің тізімі бекітілді

329

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы емделуге берілетін біржолғы төлемдерді пайдалану туралы бұйрықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әділет министрлігі зейнетақы қорындағы емделуге берілетін біржолғы төлемдерді пайдалану туралы бұйрықты тіркеді», – делінген министрлік ақпаратында.

Бұйрық 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімінен бұрын бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 ақпанда тіркелген. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жақын арада жарияланатын болады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану Қазақстан Республикасының азаматтарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қарастырылмаған медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне келесілер енгізілді:

– дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;

– Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);

– операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);

– радионуклидтік және радиойодтерапия;

– радиохирургиялық емдеу;

– протон терапиясы;

– офтальмологиялық қызметтер.

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін. Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты, оның ішінде БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы өз бетінше алуы қажет. Содан кейін жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса бере отырып, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындыны алу үшін тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жүгінеді.

Дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімді азамат өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. Қорытындыны алғаннан кейін өтініш беруші шетелдік ұйымды (стоматологиялық қызметтерді қоспағанда) қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдауы тиіс, онымен шарттың сканерленген нұсқасын әрі қарай тіркей отырып және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы (Отбасы банк) өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия жасасумен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.

Уәкілетті оператор (Отбасы банк) алушы ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде алушыдан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз