Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

634

0

Бүгін 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы диктантқа «Қызылорда автобус паркі» ЖШС, «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Энергосервис» ЕЖШС, «Қызылорда электр тарату торабы», қалалық білім бөлімі, Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Диктантты филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбергенова Жанар Жақсылыққызы оқыды.

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен шараның маңызы да, болашағы да зор деп білеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<