Жаңа iPhone 12 топтамасының бағасы қанша?

1549

0

Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа iPhone 12 бағасы 799 доллардан (342 760 теңгеден), ал mini 699 доллардан (299 861 теңгеден) басталады.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (428 557 теңгеден), ал 12 Pro Max 1099 доллардан (471 456 теңгеден) басталады.

Бағалар 2020 жылғы 14 қазандағы курс бойынша жеткізу және басқа да қосымша ақыны есепке алмай көрсетілген.

Еске салайық, Apple 5G интернеті бар жаңа iPhone 12 смартфонын ұсынғаны хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<