Жаңашылдық нәтиже береді

262

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл басынан бері облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен 4848 конкурс жарияланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов хабарлады.

Осылайша, мемлекеттік сатып алулар саны өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. Жалпы, биылдан бастап бір облыста – бір ұйымдастырушы тәсілін республика бойынша бірінші болып, Қызылорда облысы енгізген.

– Бүгінде жарияланған барлық конкурстардың 89 пайызы аяқталды. Қалған 553 конкурстың қорытындысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мерзіміне сәйкес, жыл соңында анықталатын болады. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында қала және аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың мамандары үшін 133 іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мақсатында, Қаржы министрлігіне 71 ұсыныс жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар 44 пайызға азайса, әкімшілік айыппұл көлемі 4 есе төмендеді, – деді Бауыржан Серікұлы.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жолдауында аталмыш салаға қатысты жаңа жүйе қажет екенін айтты. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң жобасы Үкіметпен әзірленіп, қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қаралуында тұр.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<