Жастар апталығы өтеді

1134

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке облыстық Жастар ресурстық орталығының  директоры Мақсат Дауылбай,  «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Әсем Қахарманова, қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров қатысты.

Мамандар аймақта жастар апталығын жарияланғанын хабарлады. Апта бойы шығармашылық өкілдерінің ашық аспан астындағы өнер фестивалі, заманауи би түрлерінен кеш, өнер көрмелері, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өткізілмек. Қала және аудан орталықтарындағы кәсіптік білім беретін орта арнаулы білім беру ұйымдары базаларында өтетін «Еңбек лагерлері» жұмыссыз жастарға және түлектерге арналмақ.

 «Балаларға қуаныш сыйлау күнінде» «Барлық игілік – балаларға» жастар акциясы өтеді. Акцияда облыс аумағындағы жөндеуді қажет ететін ойын алаңдарын қалыпқа келтіру бойынша көпшілік қайырымдылық іс-әрекеттер жүзеге асырылады.

«Open air» деп аталатын күні облыстық Жастар ресурстық орталығы базасында, ашық аспан астында іс-шара ұйымдастырылмақ. «Спорт күні» − барлық аудандар мен қалаларымызда «Ауласпорт» іс-шарасы өтеді. «Мүмкіндіктер және инновациялық идеялар күні» Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудандарда «Мүмкіндіктер керуені» және «Инновациялық идеялар жәрмеңкесі» жобалары межеленген. Ашық аспан астындағы мүмкіндіктер алаңында аймақ жастарына бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, кастингтер, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға байланысты жастарға кеңес беру, жылжымалы медициналық қызмет түрлері ұсынылады.

Апталық облысқа танымал DJ-лер кешімен түйінделеді. Жастарға арналған кеш заманауи музыка мен би кешіне ұласады. Айта кету керек, бұл іс-шаралардың барлығы аймағымыздың Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудандарда бір күнде, бір уақытта ұйымдастырылмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<