Жастар керуені бастау алды

443

0

Өткен жылы Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бастау алған “Жастар керуені” биылғы жылы да жалғасын табатын болады.

Бүгін аудандық оқушылар үйінің алаңында аталған жобаның салтанатты ашылу шарасы өтті.

Суретшілер көрмесінен басталған шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы жобаның жұмысына сәттілік тілеп, “Жастар керуені” алдағы уақытта Қазалы қаласы және ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ, суретшілер байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарын “Алғыс хатпен” марапаттады.

Мұнан соң жиналған көпшілік аудан өнерпаздарының өнерін тамашалады.

Айта кетейік, оқушылар үйінің алаңында аудан тұрғындары және жастары көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Ол үшін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм және аудандық ішкі істер бөлімдерінің мамандары жеке қабылдау өткізді. Сондай-ақ, көлік-техникалық колледжінің мамандары биылғы бітіруші түлектерге білім ошағындағы қажетті мамандықтар мен жеңілдіктерді ұсынды.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<