Жазасын өтеушілерді жеке сұрақтарымен қабылдады

237

0

Фото: автордан

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде айыпталушылар мен сотталған азаматтар арасында департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Накенов жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-тармағы бойынша тергеуде жатқан «А» есімді азамат пен ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-тармағы бойынша тергеуде жатқан «Ә» есімді азаматша және ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы бойынша сотталған үш жазасын өтеушілерді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Накенов пен САӘПТТЖБ-ның бастығы әділет подполковнигі С.Сейдахметов және де мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Әмірбек, әділет полковнигі Д.Зиябеков, әділет майоры Р.Тлеумұратов сынды басшылық құрам айыпталушылар мен сотталған азаматшаның сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, айыпталушы мен сотталғандар арасында әйелдер жататын бес қапасқа кіріп, қажетті сауалдарына басшылық тараптан жауап беріліп, камералардың жағдайын тексерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<