Жазғы чемпионат

1132

0

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спортынан «Қызылорда-2022» жазғы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа 18 ерлер және 14 әйелдер командасы қатысты. Бас төреші алқасы мен жаттықтырушыларды, команда өкілдерін қосқанда барлығы 364 адам атсалысуда. Бақ сынауға 289 спортшы келген. Ең жас қатысушысы Батыс Қазақстан облысының спортшысы Елена Юлаева 2010 жылы туған. Ал, ең үлкені Павлодар облысынан Александр Долголевец 1973 жылғы.

Жарыстың алғашқы кезеңі әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергі арқылы жүгіруден өтті.  Жалпыкомандалық есеп бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы 1-орын, Ақмола облысы 2-орын, Түркістан облысы 3-орынды иемденді. Жеке есеп бойынша 1-орынды Қостанай облысынан Айнұр Бажева, 2- орынды Түркістан облысынан Айдана Тұрсын, 3-орынды Алматы қаласынан Оксана Дзолба алды. Ол республика бойынша рекордты 16,60 секундта жаңартты.

Ерлер арасындағы 100 метрлік кедергі арқылы жүгіруден Нұр-Сұлтан қаласынан келген Петр Подгородецкий 1-орын, Қарағанды облысының атынан қатысқан Бауыржан Текенов 2-орын, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Ержан Шәріпханов 3-орын иегері атанды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<