Жемқорлықсыз қоғамға қадам!

733

0

Қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана құқықтық мәдениеттің, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызының арта түсуіне жол ашады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Бүгінде елімізде сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген.

Бұл ретте, «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар шаралар  атқарылды.

Жыл сайын құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша құқықтық оқытулар өткізіледі. 

Басқарманың интернет-ресурстардағы порталында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы бөлім тұрақты түрде жұмыс жасайды, сонымен бірге, басқарма қызметкерлері басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен таныстырылады.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытына, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірнеше мәрте ішкі талдау жүргізілді.

М. Алиева,

«Қызылорда облысының энергетика

және тұрғын үй – коммуналдық

шаруашылық басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар

бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<