Жобаның тиімділігі зор

352

0

Бүгін «Smart Media» ұзақ мерзімді жобасы аясында дін саласындағы өңірлік мамандарға арналған интернет-кеңістікте радикалды және деструктивті діни контенттің таралуына қарсы іс-қимылдарды жетілдіру бойынша онлайн-семинар өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Smart Media» – бұл интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдылар мен мүмкіндіктер жиынтығын меңгерген медиа-сауатты мамандарды даярлау мақсатында Дін істері комитетінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба.

Семинарға Дін істері комитетінің басшылық құрамы, өңірлік дін істері басқармаларының және дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – еліміздің интернет пайдаланушылары арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін түсіндіру болып табылады. Семинар барысында радикалды діни идеологияның ықпалына түсіп қалу тәуекеліне неғұрлым бейім азаматтардың нысаналы санаттарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің жаңа құралдары ұсынылып, халықтың құқықтық, дінтанулық және медиа сауаттылығын арттыруға көңіл бөлінді.

Сондай-ақ тиімді жұмыс жасау тетіктері талқыланып, сала мамандары осы бағыттағы қызметті жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Семинарда Дін істері комитетінің өкілі Ж. Долиев интернет кеңістігіндегі алдын алу жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті, оның ішінде дүниежүзілік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне ғана емес, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын тұғырнамаға айналғанын естен шығармау керектігін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<