Жомарт жүректі жан

2134

0

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайтыны қашаннан белгілі.

Осындай атымтай жомарт жан Есенов Расул Әбутәліпұлы еді. Өмірден мезгілсіз өткен, жерлесіміз, облыстық мәслихат депутаты, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», белгілі меценант Р. Есеновты бүгін «Жомарт жүрек» байқауының республикалық кезеңінде «Жыл меценанты» номинациясы иегерлерінің қатарында есімі айтылды.

Жақсы адам, жаны жайсаң, ел азаматы Расул Әбутәліпұлының есімі ел жадында. «Жақсының аты өлмейді» деген осы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<