Аспаздық өнердің жаңа тынысы

5

0

Жақында Алматы қаласында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі өтті. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Жетісу облыстары және өзге де өңірлерден 100-ден астам өтініш қабылданды.

Қатысушылар ас­паз­­дық шеберлік, ті­гін және дизайн сала­сы бо­йынша сынға түсті. Заманауи стильді ұлт­тық ерек­ше­лікпен бай­ла­­ныстыру ма­­­ңызды та­лаптардың бі­рі бол­ды.

Қатысушылардың жұ­­­мы­сын Франция, Түр­кия, Египет, Италия, Ре­­сей, сондай-ақ ТМД ел­де­­­рінен кел­ген халық­ара­лық са­рап­­шылар ба­ға­лады.

Фестиваль сту­дент­тердің кәсіби құзы­ре­­тін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін ен­гізуге оң ықпал етеді. Елі­міздің әр өңірінен келген кәсіби аспаздар мен жас мамандар өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шараға М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көр­сету және сервис колледжінің өндірістік шебері мен білім­герлері қатысып қайтты. Фестиваль барысында ұлттық та­ғам­дар, көже дайындау, қазан көтеру дәстүрін жаң­ғырту, ет асу, бауырсақ пісіру көрермен назарына ұсы­нылды. Сонымен қатар, заманауи аспаздық бағытта тағамды безен­діру, сер­вировка жасау, тағам сапасын бағалау бойынша бай­қаулар тартысты өтті. Тә­жірибелі аспаз­дар ше­берлік са­бақ­тарын өткізіп, тағам да­йындаудың жаңа тәсіл­дері мен технологияларын көрсетті. Жас аспаздар ұлттық тағамдарды заманауи үлгіде ұсыну арқылы шығар­машылық қабілетін танытты. Бұл үрдіс ұлттық асхананың жаңа деңгейге көте­рілуіне ықпал етті.

Фестивальдің ерекше тұстарының бірі көпшілікке арналған дәм тату алаңының ұйымдастырылуы болды. Мұн­да келушілер қазақтың дәстүрлі тағамдарының дайындалу ерекшелігімен танысты.

Сонымен қатар, қолөнер көрмелері мен мәдени бағдар­ламалар да қатар жүргізіліп, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды. Аталған іс-шара аспаздық мамандықтың ма­ңыздылығын арттырып қана қоймай, жастардың осы салаға деген қызы­ғушылығын оятты.

«Тайқазан» фестивалі аспаздық өнердің дамуына серпін беріп, ұлттық дәмнің ұлықталуына жаңа бағыт сілтеген маңызды жиынға айналды.

Жанар ЕРНИЯЗОВА,

М.Саламатов атындағы Қызылорда

қызмет көрсету және сервис колледжінің

өндірістік оқыту шебері