Екі бірдей қазақ балуаны Париж Олимиадасына жолдама алды

330

0

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық балуандар Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 97 келідегі Әлішер Ерғали жартылай финалдық белдесуде Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қытайдағы қандасымыз Авусайиман Хабиланы 3:2 есебімен жеңді. Осылайша, ол Париж Олимпиадасына жолдама алды. Әлішердің салмағына 92 келіге дейін салмақта әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан ауысқан. Олимпиадаға кімнің баратынын құрама бапкерлері шешеді. Өйткені жолдама жекелей емес, федерацияға беріледі.

Сондай-ақ, 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев жартылай финалдық белдесуде Бахрейн өкілі Шамил Шариповты (Әлем кубогының чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері) 7:3 есебімен ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<