Екі дәуір тоғысқан алаң

5

0

Халықаралық музейлер күніне орай өткен «Музей түні – 2026» атты мәдени-танымдық шарада облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет музей қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бірқатарына марапат табыстады.

«Музей – тарих, музей – өмір…» атты кеш барысында меке­ме ау­мағы ұлттық нақыш пен зама­науи мәдениетті тоғыстырған үлкен шы­ғармашылық алаңға айнал­ды.

«Дала рухы» этноауылы жасақ­талып, халқымыздың салт-дәстүрі айшықталса, «Сыр шеберлері» көр­­ме-жәрмеңкесінде қолөнер ше­берлерінің бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. «Күй керуе­ні» атты музыка кешінде күмбір­леген күй мен ұлттық әуендер, сондай-ақ, «Балаларға бояулы әлем», «Жұл­дыздарға саяхат», «Сұ­­рақ­тар галереясы» секілді кө­ңіл­ді жобалар мен ұлттық ойындар алаңы келу­шілерге әдемі әсер сый­лағаны бай­қалып тұрды.

Музейдің экс­по­зия­лық залда­рын балаларымен бірге аралаған тұрғындар да ерекше әсерге бөлен­гені анық. Әсіресе, «Музей түні» аясында жасақталған заманауи фо­тозона жастардың ерек­ше қызығу­шылығын тудырып, су­ретке түсу­шілер көп болды.

Мәдени-танымдық кешке зия­лы қауым, мәдениет саласының қыз­меткерлері, суретшілер мен қол­өнер шеберлері, БАҚ өкілдері, сту­денттер, оқушылар және қала тұрғындары мен қонақтары қатыс­ты.

«СБ» ақпарат