Облыс әкімін қабылдады

4

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Мұрат Ергешбаевты қабылдады. Қабылдауда Президентке өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде қолайлы инвестициялық климат қа­лып­тасып, экономи­каны әртарап­тан­дыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвес­ти­циялық жобасын іске асыру жос­парланып отыр. Биыл 1 триллион тең­геге 14 ірі жобаның құры­лысы бас­та­лады. Президенттің Ұлттық құрыл­тай отырысында берген тапсыр­масына сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орын­дық емхана, 200 орындық пери­на­тал­дық орталық, жаңа драма театр мен за­манауи кітапхананың құ­рылысы жүр­гізіліп жатыр. Қызылорда-Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірін­ші кезеңі бас­талды. Бейнеу-Сексеуіл тас жолының құрылысы жақында қолға алынбақ.

Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдан­дырылып, халықтың 85 пайызы «көгілдір отын­ды» тұтына бастайды. Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2400 пәтер беру жоспарланған. Облыс­тағы 138 ша­қырым автомобиль жолы, көше­лер мен көпір өткел­дерін жөндеуден өт­кізу, жол­дардың 95,5 пайызын жақсарту көзделген.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне эко­но­­миканы әртараптандыру, инвес­тиция тар­ту, экологиялық ахуалды ілгері­лету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу тех­но­ло­гия­ларын енгізу жұмыс­тарын жал­ғас­тыру бойынша бірқатар тапсырма берді.