Ұстаздардың жалақысы көбейді

2414

1

1 қаңтардан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұл қатарда мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша педагогтары, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандары да бар.

– Қазіргі кезде есептеу бойынша мұғалімдердің орташа айлық жалақысы белгіленді. Толық оқу жүктемесі бар, педагог-шебер санатындағы ұстаз бұрын 279 мың теңге алса, қосымша үстемемен 373 мың теңге алады. Ал педагог-сарапшы санатындағы мұғалім 234 мың алса, қазір 312 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Педагог-модератор санатындағы ұстаздың орташа жалақысы 204 мың теңге болса, қазір 272 мың теңгеге жетті. Ал категориясы жоқ, жас ұстаздардың орташа жалақысы 213 мың теңге көлемінде белгіленді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Сб-ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<