Аида Әбибуллаева жаңа ұжымға таныстырылды

3484

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің бұйрығымен корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры лауазымына Ибрагимқызы Аида Әбибуллаева тағайындалды. Жаңа басшыны бүгін ұжымға басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев таныстырды.

Аида Әбибуллаева 1972 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қалалық №1 мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты қызметінен бастаған.

1999 жылы Қызылорда облысының сот орындаушылары мен приставтар басқармасының сот орындаушысы;

2000-2001 жылдары Қызылорда облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің прокуроры;

2001 жылы Қызылорда облысы бойынша статистиканы дамыту жөніндегі құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің прокуроры;

2001-2002 жылдары Қызылорда облысы бойынша Құқықтық статистика және бағдарламалық қамтамасыз ету және аппараттық құралдардың ақпараттық орталығының прокуроры;

2002-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша ҚСжАЕК басқармасының кеңсе және орындаушылық тәртіпті бақылау, талдау, жұмысты ұйымдастыру бөлімінің аға прокуроры;

2003-2004 жылдары Қызылорда облысы бойынша ҚСжАЕК басқармасының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің аға прокуроры;

2004-2005 жылдары Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің Жалағаш аудандық бөлімінің бастығы;

2005-2007 жылдары Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің Жалағаш аудандық басқармасының бастығы;

2007-2008 жылдары Қызылорда қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры;

2008-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Қызылорда қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ директоры;

2011-2016 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры;

2016-2017 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы» Халыққа қызмет көрсету орталығы » департаментінің директоры;

2017 жылдан осы кезге дейін «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры қызметін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<