Облыс әкімінің құттықтауы

825

0

Қадірлі жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Рәміздерді құрметпен ұлықтау – әр азаматтың парызы. Сондықтан да мемлекеттік нышандарды елдігіміздің ұраны, ұлттық рух сыйлар мақтаныш символы ретінде насихаттауымыз керек.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады» деп бұл күннің ерекше символдық мәні барын айрықша жеткізді.

Рәміздер – елдік пен егемендіктің нышаны ғана емес, Тәуелсіздігіміздің баға жетпес құндылығы. Бұл қасиетті үштаған – азаттығымыздың бастауы.

Ардақты жерлестер!

Елтаңба ел төрінде нық тұрып, Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінде жатталып, Көк байрақ көгімізде желбірей берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен облыс әкімі

Нұрлыбек Нәлібаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<