Студенттермен кездесу өткізді

646

0

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Амиржан Утегенов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларымен кездесті.

Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимовтың бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге профессор-оқытушылар мен 500-ге жуық студент қатысты.

Жиында студенттер құқық қорғау саласының өкілдерімен пікір алмасып, ішкі істер саласындағы реформалармен кең көлемде танысты.

Университетте осы сала бойынша кадрлар 1992 жылдан дайындалып келеді.  Құқықтану бағытында 3 білім беру бағдарламасы аясында жоғары білім берілуде.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова Полиция департаментінде университеттің көптеген түлектері абыройлы қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

Полиция департаментінде біздің шәкірттеріміз практикадан өтуде, сондай-ақ дуалды білім беру жүйесіне сәйкес Полиция қызметкерлері және ардагерлері дәріс беруде.

Криминалистика лабораториясына тексеру кезінде жүгінетін, арнайы білімді терең зерттеуге арналған құрылғылар алынуда, атап айтқанда құжаттарды криминалистикалық зерттеу, қолжазбаларды зерттеу, сот зерттеу фотографиясы, трасология бағытындағы тың зерттеулер және баллистикалық қарулардан атылған оқтарын идентификациялау үшін құралдар бар. Сот мәжіліс залы қайта соңғы үлгідегі стандартқа сәйкес жарақтандырылды, – деді ректор.

Айта кету керек, университетте сот, құқық қорғау, прокуратура және арнайы органдармен тығыз байланыс орнатылған.

Қазіргі таңда халық сеніміне ие болып, сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, мамандар даярлаудамыз.

2019 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен кадрларды даярлау мақсатында ынтымақтастық туралы шектеусіз мерзімдегі меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында студенттерге департаменттің жұмысымен танысу үшін экскурсиялар ұйымдастырылып, конференция, семинар мен кездесулер өткізілді. «Құқықтану» мамандығының студенттері полиция бөліністерінде өндірістік тәжірибеден өтуде.

Түлектердің арасында іріктеу жұмыстары жүргізіліп, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарындағы алғашқы даярлық курстарына жіберілді. Полиция органдарына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 350 түлегі қабылданса, оның 7-еуі басшы лауазымда қызмет атқаруда, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Амиржан Утегенов.

Шара барысында Ұстаздар күніне орай білім ордасының өкілдері марапатталды. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова және бірқатар оқытушыларға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ, ҚР журналистер одағының мүшесі, ҚР ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, ардагер, полиция полковнигі, облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағамбетов пен Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі, Құқықтану білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Амиржан Утегенов «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды.

Кездесу барысында студенттер өз идеялары мен пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<