Қызылордалық оқушылар IELTS-тан 8 балл жинады

323

0

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары халықаралық IELTS емтиханының қорытындысы бойынша биыл тағы да жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Мектептің орташа ұпайы 6,4 балды құрады. Тілдік сынаққа қатысқан 95 оқушының екеуі 8,0 балл жинаса, 7 бітіруші жас 7,5 және 20 түлек – 7,0 ұпай алды. Биыл емтиханда 6,0-6,5 аралығында жинағандар саны 50 пайыздан асты.


Томирис Жумағалиева мен оның сыныптасы Дамира Ақтай ағылшын тіліндегі оқылым дағдысы бойынша ең максималды 9.0 ұпай иеленді. Олар шет тілін меңгеруде мектептегі білім беру бағдарламасының тиімділігі мен ұстаздардың оқыту ерекшелігінің үлкен септігі болғанын айтады.


«Кез келген тілді меңгеруде оны тәжірибе жүзінде пайдалана білу маңызды. Дайындық барысында ұстаздардың берген білімімен қатар, шет тіліндегі фильмдерді көру, достарыммен тілдесулер көмектесті», – деп бөлісті Томирис.


Дамира үшін ағылшын тілінде сауатты жазу, сөйлеу және оқу Зияткерлік мектепке оқуға түскенде басты мақсатына айналған.
«Көпуақытымдыпрактикалықтесттергеарнадым. Айналада өзім үшін ағылшын тілі ортасын қалыптастырдым. Күзден бастап ғаламтордағы қосымша ресурстармен дайындалдым. Бірақ бұл көрсеткішті әлі де арттырғым келеді», – дейді Дамира.


Бағалау жүйесі бойынша өте жақсы дәрежені көрсетіп, мүмкіндіктерін дәлелдеген мектеп мақтаныштары үшін тіл білімдері Қазақстанның және әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсіп, кәсіби маман атануда үлкен көмек берері сөзсіз.


Жалпы IELTS – ағылшын тілінің халықаралық жүйесі бойынша тіл білу деңгейін анықтайтын күрделі әрі қиын емтихан. Назарбаев Зияткерлік мектептің түлектері үшін бұл сынақ міндетті болып саналады және оның қорытындысы мектеп бітіру туралы аттестаттарына жазылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз