Жалағаш ауданындағы әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің түлегі Сүлеймен Жанель Жомартқызы ұстаздарының сауатты бағдары мен өзінің тыңғылықты дайындығының арқасында ҰБТ-дан 131 ұпай жинады.
Қазақ тілі пәнін таңдаған «Алтын белгі» иегері. Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен І орын, республикалық кезеңінен ІІІ орын, «Абай» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері.
Бітіруші түлегімізге алдағы мемлекеттік грант ұтып алу конкурсында сәттілік тілейміз.