100 мыңыншы тұрғын вакцина салдырды.

819

0

№3 қалалық емханада облыс бойынша 100 мыңыншы тұрғын Гүлнар Құлжанова вакцинаның бірінші турын салдырды.

Осыған орай тұрғынға сый-құрмет көрсетілді. QazVac вакцинасын таңдаған тұрғын өзгелерді де екпе алуда белсінді болуға шақырады.

Жалпы №3 қалалық емханаға осы күнге дейін 9649 коронавирусқа қарсы вакцина келіп, оның 8583-і яғни 88,9% 1-ші турда салынды. Ал емханаға бүгінге дейін келген вакцинаның екінші компоненті 7945 доза болып отыр. Оның 5938-і (74,7 %) салынды.

Қазіргі таңда Спутник-V, Hayat-Vax және QazVac вакцинасы егілуде. Коронавируска қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде вакцина алуға шақырамыз.

Егу бекетінің мекен жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 66, №3 қалалық емхана.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<