Коронавирус: Қазақстанда Pfizer препаратымен вакциналау басталды

331

0

Қазақстанда контингентке жататын «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» иммунопрепаратымен вакцинация басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілмеме жасап.

Мәселен, Алматыда соңғы екі күнде бұл вакцинаны 306 адам алды, оның ішінде 174 бала және 128 ересек адам, оның ішінде 37 жүкті әйел және 91 бала емізетін әйелдер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын сатып алды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

«Республикаға 379 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынған», – деді Алексей Цой ведомствоның брифингінде.

Айта кету керек, жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде егіле алады.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне келетін болсақ, сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Comirnaty/Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, вакцинаны қоймадан егу кабинетіне дейінгі барлық кезеңдерде сақтау және тасымалдау ережелерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Comirnaty/Pfizer вакцинасының тиімділігі 95% құрайды. Ол қауіпсіздіктің дәлелденген базасына ие және 142 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады.

Бүгінгі таңда әлемде 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер коронавирустық инфекцияға қарсы егілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз