Министрлік қазақстандықтарға Наурыз мейрамына қатысты үндеу жасады

945

0

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


«Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз», – деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, наурызда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады – сенбіден, 20 наурыздан сәрсенбіге, 24 наурызға дейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<