Нұр-Сұлтан мен Алматыда инфекционист-дәрігерлер жеткілікті ме?

334

0

Өңірлерден Нұр-Сұлтан мен Алматыға жіберілген дәрігерлер мегаполистердегі эпидемиологиялық ахуалды тексеруге көмектесіп жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде барлық қала үшін кадрлық резерв жасақталған. Дегенмен, дәрігерлер екі қалада (Нұр-Сұлтан мен Алматы) ауруханаға жатқызылып жатқандармен де, карантинге түсіп жатқандармен де жұмыс істеп үлгеріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды күшейту үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына түрлі өңірлерден адамдарды іссапарға жібердік. Олар блок-бекеттерде кезекшілік ұйымдастыруға және эпидемиологиялық ахуалды тексеруге көмектесіп жатыр»,- деді комитет төрайымы министрліктің Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды…» деген айдармен жарияланған видеода.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<