Pfizer вакцинасы туралы түсіндіру жұмысын күшейту қажет

321

0

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов АҚШ-тың Pfizer екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады.

«Вакцина салдыру алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Вируспен ауырып жазылған адамдарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға болады. Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық денсаулық сақтау басқармалары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және облыстық департаменттері бірлесіп КВИ-ге қарсы вакцинациялауға дайындық жүргізу қажет. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде жұмыс топтарын құрып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет», делінген мәліметте.

Екпе алатындарға жататын адам санына сәйкес егу бригадаларының қажетті саны, вакцина, шығын материалдары, тоңазытқыш жабдықтар, автокөлік саны есептеледі.

Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармасы аумақтық департаментпен және білім басқармасымен бірлесіп жауапты мамандар қатарынан әрбір аудан, қала бойынша КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторды тағайындауы қажет.

«Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын ақпараттандыруға назар аудару қажет. Тағайындалған кураторлар: егілуге жататын халықтың коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалауды, әрбір егу бригадасының талапқа сай жасақталуын, вакцинаны тоңазытқыш жабдықтарында сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуын, екпелермен жұмыс, егу техникасы, егуге рұқсатты дұрыс анықтау, вакцина салынған соң иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер бойынша медицина қызметкерлерінің білімін бағалауды жүзеге асыруы тиіс», делінген әдістемелік ұсынымда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз